Нұрлан Қалқа: Ұлттық рухани байлығымыз - ұлттық жаңғыруымыздың бастау-бұлағы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы еліміздің алдағы рухани өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік дамуының тұжырымдамасы деген болар едім. Дәл қазіргі уақытта мемлекеттің идеологиялық бағыт-бағдары, мәдени дамуы, рухани кеңістік осындай өміршең бағдарламаны қажетсініп отырғанын айту ләзім. Елбасы мақаласына орай ақын Нұрлан Қалқа осындай пікір білдірді.

«Мақаладағы «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген сөйлемдер кез келген ұлт жанашырының, оқырмандардың көкейіндегіні тап басып, көкірек көзін аша түсетіні сөзсіз. Әсіресе, бүгіндері дін мәселесінде түрлі ағымдарға ілесіп, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, бабалар жолын мансұқ етіп жүрген кейбір жастарымызға үлкен сабақ, мағыналы да мәнді кеңес болатынын баса айтпақпын», - дейді ол.

«Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын» деген үлкен жүрегінен шыққан жүрекжарды сөзін толғанбай, тебіренбей оқу мүмкін емес. Бала кезімізде ақ сақалды ата, ақ жаулықты әженің алдынан жүгіріп шығып, амандасқанымызда немесе ауыл арасында жиі болатын түрлі ұлттық мерекелермен құттықтаған кезімізде маңдайымыздан сүйіп, «өркеннің өссін, балам!», «үлкен азамат бол!», «көсегең көгерсін!» деп баталарын беруші еді. Сол дәстүрден жаңылмай, үйленген кезімізде де үлкендер ұлттық жоралғыларын жасап жататынын қалай ұмытармыз. Соның бәрі теріс ағым жетегінде адасып жүрген бүгінгі жастарға түрпідей көрінетінін қайтерсің», - деп атап өтті Нұрлан Қалқа.

Оның пікірінше, сондай солшыл ниеттегі жасандылықтарға Елбасы тоқтау айтып, жаңаша жол нұсқап, жаңғырудың жаңа бағытын белгілеп берді. Ақын мақалада айтылған идеяларды ел болып қолдауға шақырады.  

«Жас буын өкілдері халықтық игі дәстүрден тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсуі үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор. Біз Елбасы мақаласын оқып, осындай терең ой түйдік», - деді Н.Қалқа. 

Соңғы жаңалықтар