Нұрлан Календеров Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
2022 жылғы 9 тамыз 17:38

Нұрлан Календеров Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Нұржан Сәбитұлы Календеров облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұржан Сәбитұлы 1976 жылы Тараз қаласында туған.

Ол 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған.

Әр жылдары зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының Тараз қалалық бөлімшесінде аға маман, Жамбыл облыстық бөлімшесінде бас маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, облыс әкімдігінің қаржы басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2011-2013 жылдары Жамбыл ауданының әкімі, 2013 жылдың маусым-желтоқсан аралығы Қордай ауданының әкімі, 2013-2017 жылдары Тараз қаласының әкімі, 2017-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, 2019-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2020-2022 жылдары Шу ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Ал, 2022 жылғы ақпаннан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Нұржан Календеров енді облыс әкімінің бірінші орынбасары ретінде экономикалық жоспарлау, қаржы секторын дамыту, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, көші-қон, денсаулық сақтау, еңбек қатынастары мәселелері және тағы да басқа салаларына жетекшілік етпек.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT