Нұрлан Ермекбаев Арысқа көмектесіп жатқан Қазақстан халқына алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласына көмек көрсетіп жатқан Қазақстан халқына алғысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Апат болған күні қаза тапқан адамдардың отбасыларына, туыстарына көңіл айттым. Олардың арасында екі әскери қызметші мерт болды, олар өрт сөндіру шараларына қатысқан болатын. Тағы да Арыста көз жұмған адамдардың жақындарына көңіл айтқым келеді», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол осы төтенше жағдайдан зардап шеккендердің қайғыларына ортақтас екенін атап өтті.

«Бұл нысанда әскерилер қызмет бабымен жүрді, яғни олар сол жерге біздің Отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағытталды. Аталған арсенал 1930 жылы пайда болған еді», - деді Ермекбаев.

Қазіргі кезде әскерилер аталған жерде жарылыс салдарын жоюмен айналысып жатқанына тоқталған министр, осы орайда басты мақсат Арыс тұрғындары өміріне қолайлы жағдай жасауға негізделгенін жеткізді.

«Сондықтан біз апатқа байланысты өкініш білдіреміз, барлық зардап шеккендерге, яғни материалдық әрі моральдық шығынға ұшырағандарға өзіміздің тілектестігімізді білдіреміз. Сонымен қатар, осы қиын сәтте адамгершілік танытқан Қазақстан халқына алғыс айтқым келеді. Баршы ел болып жұмылып, Арыс тұрғындарына көмек көрсетілуде. Осы орайда Қорғаныс министрлігі бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, еріктілерді ынталандыру бастамасын көтермек», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Соңғы жаңалықтар