+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Нұрлан Ермекбаев Арыс маңында қаза тапқан әскери қызметшінің жақындарына көңіл айтты

2019 жылғы 14 қазан 10:43
Бөлісіңіз:
Нұрлан Ермекбаев Арыс маңында қаза тапқан әскери қызметшінің жақындарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс маңында жарылыстан қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Аманжол Советұлы Ақышевтің туған-туыстарына көңіл айтамыз. Отбасының қайғысына ортақпыз. Бұл - тек Ақышевтер әулеті ғана емес, бүкіл Қарулы күштер үшін орны толмас қаза», - деді Қорғаныс министрі.

Еске сала кетсек, осыдан үш күн бұрын арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жиналған оқ-дәрі фрагменттерін жою кезінде оқ-дәріге уақытынан бұрын детонация жасалған. Салдарынан топ жетекшісі, әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор А. С. Ақышев қаза тапқан болатын.

СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінен мәлім еткендей, осы оқиғаға байланысты өңірге ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев бастаған топ және Аманжол Ақышевпен қызметтес болған әріптестері келе жатыр. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов өңірге жетті. Жерлеу рәсіміне байланысты барлық шығынды министрлік өз мойнына алды. Сондай-ақ ведомство марқұмның отбасына материалдық-әлеуметтік көмек беретін болды .

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT