Нұрлан Әуесбаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Шымкент қаласында болды. Ол Қазығұрт шағын ауданының тұрғындармен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға науқанның өту барысын бақылайтын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары да қатысты. Мегаполис тұрғындарымен кездесу кезінде оппозициялық партия өкілі өзін ұсынған бірлестік туралы қысқаша айтып берді.

Кездесуде жергілікті халық өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Айта кетейік, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар