Нұрлан Әуесбаев Астанада сайлаушылармен кездесті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Астанадағы «Жұмбақтас» қонақүйінің конференц-залында сайлаушылармен кездесіп, сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы ЖСДП әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды.
Бұған дейін Нұрлан Әуесбаев Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында кездесу өткізгенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат үгіт-насихат жұмыстарымен Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында кездесулер өткізгенін хабарлаған едік.
Жалпы үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа түсіндіру мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар