Нұрлан Әлімжанов режисерлікке бет бұрмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Есімі елімізге танымал актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов  алдағы уақытта салауатты өмір салтын насихаттын фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл жайында ол бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен кездесуден кейін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның «Денсаулық елші» ретінде тағайындап жатыр, қуантарлық жағдай. Мұны ақ халатты абзал жандардың өнер жолындағы біздерге сенім артқаны деп білеміз және бұл сенімді  ақтауға тырысамыз. Өйткені, «Денсаулық елші»  деген жәй ғана марапат алу, бос сөз емес.  Оны іспен дәледеуіміз керек. Ұлттың болашағы - денсаулық. Сондықтан денсаулыққа баса назар аударуымыз қажет деп есептейміз», - деді министрдің қолынан «Денсаулық елшісі» атағын алған актер.

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдерінің алдағы уақыттағы жоспарына қатысты сауалына да жауап берді.

«Актер болғаныммен болашақта кинорежиссер, продюсер болу арманым бар. Алдағы уақытта спорт туралы фильм түсірмек ойымда бар. Фильм - бұл үлкен идеология. Фильм арқылы миллиондаған аудитория тартуға болады», - деді ол.

Нұрлан Әліжманов бала кезінен спортпен тұрақты айналысып келе жатқанын да атап өтті.

«Менің ұстанымым - барлық уақытта да дене-бітімімді сақтау, әдемі көріну. Қазіргі уақытта апта сайын 2-3 рет спортмен айналысамын. Бала кезімде бокспен айналыссам, студент кезімде таэквондамен шұғылдандым. Ал қазір жүзумен, фитнеспен, жүгірумен шұғылданамын», - деді актер.

Айта кетейік, бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қайрат Нұртас, Қарақат Әбілдина, Ибрагим Ескендір және Нұрлан Әлімжановпен кездесіп, оларға еліміздегі ең алғашқы «Денсаулық елшісі» атағын табыстаған болатын.

null 

Соңғы жаңалықтар