Нұрлан Әбдіров семейліктермен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының төрағасыНұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Семей қаласында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей қаласына жұмыс сапары аясында Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұртшылықпен бірнеше кездесулер өткізді.

2022 жылғы 14 сәуірде ОСК Басшысы Достық ауылдық округінде болып, 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған әкім Нүркен Жарлыкеновпен және Шақаман ауылының тұрғындарымен кездесті

Ауыл тұрғындары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген сайлау жүйесін одан әрі дамыту жөнінде бастамаларды қолдайтындарын білдірді.

Аудитория ауыл әкімдерін сайлаудың маңызды ерекшеліктерінің бірі ретінде сайлаушылардың «Бәріне қарсымын» деген дауыс беру құқығы енгізілгенін атады. Яғни, азаматтар өздерінің балама позициясын заңды түрде білдіруге мүмкіндік алып отыр – деген ойларын ортаға салды.

Сөз алып сөйлегендер әкімдікке кандидаттардың практикалық жұмыс тәжірибесінен, беделінен басқа жоғары білімі де болуға тиіс екенін нақты түрде атап өтті.

Шәкәрім атындағы университетте ОСК Төрағасының ЖОО және колледж студенттерімен кездесуі өтіп, оған 149 адам қатысты.

Ашық әңгіме форматында өткен кездесуде жастар Парламент және мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға қатысты сайлау заңнамасының талаптарына, шетелде сайлау учаскелерін ұйымдастыру тәртібіне, әскери қызметшілердің дауыс беруіне байланысты өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Сонымен қатар, электрондық дауыс беру, оның ішінде стационарлық және қашықтықтан дауыс беру мәселелері де қозғалды.

Жастар электрондық дауыс берудің басты артықшылығы оның қолжетімділігі, ал кемшіліктері ақпараттық қауіпсіздікке қатысты қауіп-қатерлермен байланысты екенін атап өтті.


Белсенділердің бірі Еркебұлан Нұрділдә қазіргі жастардың сайлауға қатысуға деген жеткілікті дәрежеде қызығушылықтары жоқ, сондықтан осындай кездесулер жастардың электораттық белсенділігін арттыра түсуге ықпал ететін болады деген ойын білдірді.

Студент Сұлтан Бақытғалидің пікірінше, сайланбалы қызметке кандидат мінде

тті түрде мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша лингвистикалық емтихан тапсыруы тиіс.

Кездесуде сайлау процесінің өзекті тақырыптары бойынша дәстүрлі онлайн-сауалнама жүргізіліп, оның нәтижелері мынадай болды: 39,6%-ы электрондық (стационарлық) дауыс беруді қолдады; респонденттердің 74,7%-ы Президенттікке кандидат мемлекеттік тілді білуі тиіс және лингвистикалық емтихан тапсыру міндетті деп санап отыр; респонденттердің 40,7%-ы соттылығы бар азаматты Президент, депутат, әкім сияқты сайланбалы лауазымдарға ұсынуға жол беруге болмайды деп санайды. Сондай-ақ, респонденттердің 33,3%%-ы партиялық тізім бойынша сайланған депутат сол сайланған партиясынан басқа партияға ауысып кетуіне болмайды деп жауап берді.

Нұрлан Әбдіровтің саяси партиялар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, блогерлермен, Семей қаласының сайлауком мүшелерімен кездесуі ү.ж. 15 сәуірде Абай театрында өтті. Іс-шараға 469 адам қатысты.

Аудитория назарында сайлау жүйесін реформалау, сайлау процестерін жаңғырту, азаматтардың сайлау институтына деген сенімін арттыру мәселелері болды.

Университет оқытушысы Аман Рахметолла Мемлекет Басшысының бастамаларына оң баға беріп, алдағы уақытта Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының жартысынан көбі мажоритарлық принцип бойынша сайлануы тиіс деген ойын ортаға салды.

Кездесуге қатысушылар сайлаушылар тізімін жасау бойынша нақты ұсыныстар жасай отырып, сайлаушылар тізімдерін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының деректер базасымен біріздендіруді қамтамасыз ету қажет деп айтып өтті.

Жұртшылық өкілі Кеңес Өтегенұлы дауыс беру орнын ауыстыруға қатысты қағаздық есептен шығару куәліктерін беруді электрондық онлайн форматқа ауыстыруды ұсынды. Бүгінгі таңда есептен шығару куәлігін алу үшін сайлаушы өзінің учаскелік сайлау комиссиясына барып, өтініш беруі тиіс. Белгілі бір қалада тіркелген, бірақ басқа қалада тұратын азаматтар үшін бұл қолайсыз. Онлайн-өтінім жүйесі енгізілген жағдайда, тіркелген жерінен тыс жерде дауыс бергісі келетін сайлаушылар үйден шықпай-ақ өтініш беруге мүмкіндік алар еді деген пікір айтты.
Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының қызметінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету, электрондық дауыс беру мүмкіндігінің перспективалары, сайлау процесіне қатысушылардың барлығының, оның ішінде байқаушылар, саяси партиялар өкілдерінің, БАҚ-тың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері қозғалды.

Ортсайлауком Төрағасының Семей қаласының жұртшылығымен кездесулері басқа өңірлердегі сияқты әлеуметтік желілерде трансляция режимінде көрсетілді.

ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің келесі жұмыс сапары Павлодар облысына ағымдағы жылдың 17-18 сәуіріне жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар