+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Нұрлан Әбдіров аграрлық кешенінің дамуына кері әсерін тигізген факторларды атады

2021 жылғы 11 маусым 10:50
Бөлісіңіз:
Нұрлан Әбдіров аграрлық кешенінің дамуына кері әсерін тигізген факторларды атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет көп. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенат төрағасы: Қазақстандықтардың 86 пайызы қазақ тілін біледі Брекешев: Егін шаруашылығын органикалық әдіске тезірек көшіру қажет Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандағы климаттың өзгеруі бүкіл Орталық Азияға әсер етеді

«Тәуелсіздік алғаннан бері аграрлық секторды дамыту бойынша 10 бағдарлама дайындалды, бұл мемлекеттік саясаттың осы салаға ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет көп. Соның бірі – ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және 2022 жылға дейін осы саладағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру», - деді Н. Әбдіров Сенаттағы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тақырыбындағы Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаның 4 жыл ішіндегі іске асырылу мониторингінің қорытындылары саланы дамытудың оң үрдістерін айғақтайды. Бағдарлама аясында қойылған міндеттерді іске асыруға 2017-2020 жылдарға 2,5 трлн теңге жоспарланған болатын, іс жүзінде 1,6 трлн теңге немесе 66% бөлінгеніне қарамастан, көрсетілген кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,7 есе өсті.

«Азық-түлік тәуелсіздігінің өлшеміне сәйкес, азық-түліктің барлық негізгі түрлері бойынша ішкі тұтынудағы отандық өндірістің үлесі 80% - дан астамды құрап отыр. Алайда, өзіміз өндіретін ауыл шаруашылығының кейбір өнім түрлері бойынша елімізді қамтамасыз ету деңгейі 60 пайызды ғана қамтиды, қалған сұраныс импорт есебінен орындалуда», - деді Сенат төрағасының орынбасары.

Осы орайда өнімдердің импортында ең жоғары үлес салмақ ірімшіктер мен сүзбеге, сары майға, шұжық өнімдеріне, ет және етті-өсімдік консервілеріне тиесілі.

«Жалпы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық пайымы – бұл 2030 жылға дейін Қазақстан экономикасын, оның ішінде Аграрлық-өнеркәсіптік кешенін қорғау. Бұл жағдайда мемлекетіміздің тұтынудың физиологиялық нормалары мен демографиялық өсуді қанағаттандыру үшін жеткілікті сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерінің бүкіл халыққа физикалық әрі экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ете алатын мүмкіндіктері бар. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы жалпы өнімнің одан әрі өсуіне жағдай жасайтын оң үрдістерді де атап өтуге болады. Алайда, бағдарламада белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша көрсеткіштердің төменділігі байқалып отыр. Әрине, аталған мәселенің себептері де жоқ емес, яғни бағдарлама іс-шараларының толық қаржыландырылмауы, бюджеттік өтінімдердің уақтылы берілмеуі, не кеш қаржыландырылуы, COVID-ке байланысты қалыптасқан жағдай, сыртқы байланыстар мен карантиндік шараларға енгізілген шектеулер, шекаралардың жабылуы және басқа да объективті себептер. Дегенмен, аграрлық саланың дамуына кері әсер ететін біраз жүйелік мәселелердің де шешілмегенін атап өткен жөн», - деді ол.

Н. Әбдіровтің сөзіне қарағанда, аталмыш саланы Қазақстан экономикасының жетекші күшіне айналдыру мақсатында соңғы онжылдықтарда аграрлық өнеркәсіп кешенін дамытуға арналған бірнеше салалық бағдарламалар да әзірленді, қаржыландыру тәсілдері де бірнеше мәрте өзгерді. Бірақ айтарлықтай нәтиже болмады. Бұған себеп, мемлекеттік қолдау құралдарының нәтижесіздігі, өндіріс көрсеткішінің төмендігі, сондай-ақ агроғылым мен агрокәсіп арасындағы алшақтық, ауыл шаруашылығы тауарларын сақтау жүйесінің жолға қойылмауы секілді мәселелер.

«Аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің дамуына кері әсерін тигізіп отырған факторлар – ауылшаруашылық және тракторлық машина жасау саласының дамымауы, ауыл шаруашылығы өндірісінде ұсақ агроқұрлымдардың көптігі, мал шаруашылығы саласының төмен тауарлығы болуына өз әсерін тигізуде. Сонымен қатар, өндіріс өнімділігінің салыстырмалы төмендігі, өндірістің жеке қосалқы шаруашылықтарда көп шоғырлануы, тамақ және өңдеу өнеркәсіптерінің негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорларының белсенді бөлігінің жоғары деңгейде тозуы, түптеп келгенде, дайын өнімнің өзіндік құнының көтерілуіне әрі оның нарықта бәсекеге қабілетсіз болуына алып келіп отыр», - деді Нұрлан Әбдіров.

Өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы сенімсіздік пен тұрақсыз қатынастар, нарық пен қаржылық ресурстар туралы сенімді ақпараттың болмауы да тауар өндірушілердің әлеуетті нарыққа қол жеткізуіне кері әсерін тигізуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT