Нұркен Шәрбиев Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұркен Қожамұратұлы Шәрбиев Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.

Нұркен Шәрбиев 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы шаруа қожалығының бас экономисті болып бастаған.

2000-2002 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаменті, стратегия және мемлекеттік реттеу департаменті, индикативтік жоспарлау және экономикалық талдау басқармасының жетекші, бас маманы болып жұмыс істеді.

2002-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2011-2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.

2012-2013 жылдары — Еуразиялық экономикалық комиссия Агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары (Мәскеу қ.).

2013-2014 жылдары — «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры.

2014-2017 жылдары жеке меншік ұйымда жұмыс істеді.

2017-2018 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары — «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы.

2020-2022 жылдары — «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры – департамент директоры.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «АМАНАТ» партиясы «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы қызметін атқарды.

Фото:t.me/KZgovernment


Соңғы жаңалықтар