Нүркен Әбдіровті еске алуға арналған республикалық турнирге 600-ге жуық спортшы қатысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұшқыш-батыр Нүркен Әбдіровті еске алуға арналған грек-рим, еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 592 мықты палуан қатысты. Бұл - 335 еркін, 68 қыз және 189 «грек-рим» күрескерлері.

Бұл - беделді және танымал турнир.

Біріншілікте бірінші орын алғаны үшін «ҚР спорт шебері», екінші және үшінші орын үшін «спорт шеберіне кандидат» атағы беріледі.

Осы турнирге келген балуандарының дайындығын біріншіліктің бас төрешісі Александр Мыцык бағалады.

17 жасында спортшы Нүркен Әбдіров атындағы алғашқы турнирдің қатысушысы болған.

Содан бері алдымен спортшы, содан кейін жаттықтырушы ретінде өнер көрсетті және 20 жылдан астам уақыт бойы осы жарыстың төрешісі болып келеді.

Оның айтуынша, жарыстың танымалдығы мен беделі жоғары деңгейде қалып отыр.

«Бұл турнир облыста ғана емес, республикада да еркін күресті дамытуға қомақты үлес қосып келеді. Турнирден бірнеше күн бұрын Қазақстан чемпионаты өтті, көптеген атақты спортшылар сол сайыстан кейін бірден бізге келді. Дайындық деңгейі өте жоғары және қатысушылар саны көп», - дейді Александр Мыцык.

Қарағандылық спортшылар лайықты өнер көрсетті.

Александр Мыцык чемпион атанған 18 жасар Амангелді Еламанды (к/к – 57 кг) және 21 жастағы Дәулетхан Темірбаевты (к/к – 92 кг) ерекше атап өтті.

Әйелдер күресінде 16 жастағы спортшы Арина Исмаилова (к/к – 65 кг) ерекше әсер қалдырды.

Ол ересек спортшыларды жеңіп, спорт шебері нормасын орындады.

76 келі салмақ дәрежесінде 17 жасар Гүлжаз Айымбетова көзге түсті. Бойжеткен бірінші орынға ие болды.

«Барлық жүлдегерлерді атап өту мүмкін емес. Балалар өте жақсы өнер көрсетті. Біз Қарағанды облысындағы еркін күрестің дамуына оптимистік көзқараспен қараймыз. Өңірде ол үшін барлық жағдай бар: жақсы резерв, база, спортшылар, жаттықтырушылар. Олар жоғары нәтижеге қол жеткізе алады», - дейді жарыстың бас төрешісі.

Екінші дүниежүзі соғысының батыры Нүркен Әбдіровті еске алуға арналған турнир алғаш рет 1961 жылы өтті.

Оның ұйымдастырушылары - Қарағанды облысындағы классикалық және еркін күрестің негізін қалаушы ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шәріп Харис және ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Феликс Премильский.


Соңғы жаңалықтар