Нұрболат Мақашев Павлодар облысы Успен ауданының әкімі қызметіне тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Успенка ауылында аудан активінің жиналысы өтіп, онда Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов ауданның жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрболат Мақашев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «инженер-сарапшы» біліктілігін алды. 2010 жылы «Тұран-Астана» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, ал 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Шпайер» Неміс Әкімшілік басқару университетінің магистратурасын бітіріп, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.

2007 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеді.

2008 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет етті. Қайта өңдеу және агро азық-түлік нарықтары департаментінің сарапшысынан стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасарына дейінгі қызмет сатыларынан өтті.

2018 жылы Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, кейін басшысы болып тағайындалды.

2019-2021 жылдары Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары болды.

2021 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев


Соңғы жаңалықтар