Нұрбол Құрман – Атырау қалалық мәслихатының жаңа төрағасы

None
Фото: pricom.kz
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қалалық мәслихатының төрағасы болып Нұрбол Құрман сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық мәслихатының бірінші сессиясында депутаттар арасынан төраға лауазымынына ұсынылған Нұрбол Құрманның кандидатурасына қолдау білдірді.

Нұрбол Оразбайұлы 1976 жылы туған. Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылынан мектеп бітірген.

Ол бұдан бұрын Атырау қалалық мәслихатының депутаты болған. Осы кезге дейін «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры лауазымын атқарған.

Биыл қалалық мәслихаттың 25 депутаты бірмандатты округтен сайланған. Мәслихатта тұрақты төрт комиссия жұмыс істейді. Бұл – бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері, экология, табиғат пайдалану және аграрлық мәселелер, әлеуметтік және мәдени даму және заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялар.

«Бұл комиссиялардың төрағалығына Қаршыға Жауымбаев, Ильяс Қонысбаев, Айжан Сәрсембаева мен Вадим Құлмағамбетов сайланды. Тұрақты комиссиялардың отырыснда тұрғындардың проблемалық мәселерге байланысты өтініштері мен ұсыныстары қаралады. Кейін қалалық мәслихаттың сессиясында қаралады», -деп хабарлады Атырау қалалық мәслихатынан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау қалалық мәслихатына өткен депутаттар белгілі болғанын жазған болатыныз.

Атырау қалалық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, сайлаушылардың тізіміне 231 915 адам енгізілген.

Дауыс беруге 76 508 сайлаушы қатысқан. Бірмандаттық сайлау округтеріне 71 кандидат тіркелген.

Сондай-ақ, Мұса Хайруллиев Атырау облыстық мәслихатының төрағасы болып сайланғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар