+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Нұрбек Дайырбеков Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

2019 жылғы 6 қараша 18:13
Бөлісіңіз:
Нұрбек Дайырбеков Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрбек Дайырбеков ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жаңа басшы келді Дәурен Сәбитов ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болып тағайындалды Сәкен Сәрсенов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұрбек Слямханұлы Дайырбеков Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Нұрбек Дайырбеков 1973 жылы 11 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. Ленин комсомолы атындағы Новосібір мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда, соның ішінде «Ақ-Бидай» ЖШС-де жұмыс істеген.

1997-2002 жылдары Алматы қаласындағы Мемлекеттік азық-түлік келісім шарт корпорациясында жұмыс істеген. Сатып алу және өткізу басқармасының басшысы, басқарма басшысының орынбасары, бас маманы, Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2002-2006 жылдары — «Агронефтеснаб» ЖШС директоры. 2006-2009 жылдары «Қазақстан астық компаниясы» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.

2010-2012 жылдары — «Green Energy Almaty» ЖШС директоры.

2012-2016 жылдары — «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры – коммерциялық директоры.

2016-2019 жылдары — «Samal Trans» ЖШС директорының кеңесшісі.

2019 жылғы сәуірден бастап «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры лауазымын атқарды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT