«Нұрбанк» валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтініштер қабылдай бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұрбанк» АҚ валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтініштер қабылдай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.

«Нұрбанк» АҚ валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мақсатында «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-пен салым шартын жасасты. Соған байланысты 2019 жылғы 4 маусымнан бастап банк қарыз алушылардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруға өтініштер қабылдау процесін бастады. Осыған орай «Нұрбанк» АҚ салымшылары осы банкке тиісті өтінішін бере алады», - делінген Ұлттық банк таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық Банкке халықтың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздары бойынша мәселені түпкілікті шешуді тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау үшін Ұлттық банк басқармасы 2018 жылғы 27 наурызда Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын жаңа редакцияда бекітті. Аталған бағдарлама жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруды көздейді. Қарыздар Ұлттық банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамымен (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) теңгемен қайта қаржыландырылуы тиіс.

«Толығырақ ақпарат алу үшін салымшылар «Нұрбанк» АҚ-қа 2552 (ұялы телефоннан хабарласу тегін) не +7 727 259 97 10 нөмірлері бойынша өтініш жасай алады. Бағдарлама бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Ұлттық банкіне +7 727 261 92 45, +7 700 483 21 25 нөмірлері бойынша өтініш жасауларыңызды сұраймыз. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қарыз алушылардың аумақтық тиістілігіне сәйкес Қазақстан Ұлттық банкінің тиісті филиалдарына және банктерге өтініш жасауларына болады», - деп атап өтеді Ұлттық банктен.

Соңғы жаңалықтар