Нұрбақыт Теңізбаев: Күміс Виталийге және оның жанұясына тиесілі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кешеден бері «грек-рим күресі бойынша қазақстандық балуан Нұрбақыт Теңізбаевқа 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі берілуі мүмкін» деп барлық ақпарат құралдары сүйіншілеп жазды.

Бүгін осыған байланысты балуан бауырымыз әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында өз ойымен бөлісті.

«Құрметті достар! Бейжің Олимпиадасы мен үшін спорттық карьерамның шыңы болды. Әрбір спортшы Олимпиада ойындарының жеңімпазы немесе жүлдегері болғысы келетіні анық. Спортта ұзақ уақыт жүріп, ешқашан жеңілдің астымен ауырдың үстімен жүргенді қолдамайтынмын және қолдамаймын да. Қандай медаль болсын, оны кілем үстінде жеңіп алғанды қолдаймын. Дәл сол күні, мені Әзербайжан балуаны Виталий Рагимов ұтқан болатын, Виталийді талантты да мықты балуан ретінде танимын. Сол күні үшінші орын иелену менің маңдайыма жазылған болар, маған өзімнің ұтқан қола медалым аса қымбат. Күміс Виталийге және оның жанұясына тиесілі. Ол медальдың артында көптеген адамның еңбегі жатыр. Күміс сол еңбектің жемісі деп ойлаймын! Сіздердің жылы лебіз және қолдауларыңызға үлкен алғыс айтамын», - деп жазылған жеке парақшасында.

Соңғы жаңалықтар