Нұрәли Әлиев Стэнфорд бизнес мектебінің түлегі атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық бизнесмен Нұрәли Әлиев Стэнфорд университеті жанындағы Жоғары бизнес мектебін бітірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Стэнфорд университетіне, Жоғары бизнес мектебіне, барлық оқытушылар мен курстастарыма жетекшілерге арналған Стэнфорд бағдарламасындағы ғажайып тәжірибе үшін рахмет. Ғажап әрі ұмытылмастай күндер кештім. Үйренгенім көп болды және бұл білімімді өз бизнесімде қолданғанша асықпын. Стэнфорд Жоғары бизнес мектебінің түлегі болғанымды мақтан тұтамын», - деп жазды Н. Әлиев Instagram әлеуметтік желісінде.

Әлиев Нұрәли Рахатұлы 1985 жылы туған. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, кейінірек Австрия мен АҚШ-та білім алған.

 

Соңғы жаңалықтар