Нұра өзеніне батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды-Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Қорғалжын ауданында Нұра өзеніне батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылып, жағаға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2002 жылғы А.Х.Сәрсенбек мамырдың 13-де сағат 17:00 шамасында Сабынды аулынынан 12 шақырымдағы Нұра өзенінің шомылуға рұқсат етілмеген тұсында суға батып кеткен.

«Судан іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару отрядының 5 қызметкері мен 1 техникасы және 1 жүзу құралы тартылды. Бүгін мамырдың 14-де таңғы сағат 07:44 шамасында оның денесі табылып, жағаға шығарылды. Анықталғандай, оның үстінде жеке құтқару құралы болған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар