Нұра-Есіл каналын тазарту жол картасы аясында жүзеге асырылмақ - Ауыл шаруашылығы министрі

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Агрокешенде 26 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметте өтіп жатқан селекторлық кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бұл жобалардың ішінде 9-ы биылғы жылғы маусымның 1-іне дейін, қалған 17 жоба маусымның 1-інен кейін іске қосылмақ. Барлық жобалар бойынша штаттардың құрамдары анықталды.

А. Күрішбаевтың сөзіне қарағанда, сонымен қатар министрлік 2010-2011 жылдары жүзеге асырылатын су шаруашылығы саласында 3 ірі жобаны енгізді. Бұлар жүйе құраушы маңызды жобалар екеніне тоқталған министр, онда Нұра - Есіл каналын қайта қалпына келтіру, Нұра өзенін техногендік ластанудан тазарту жобалары бар екенін жеткізді.

Атап айтқанда, Нұра-Есіл каналын тазарту жол картасы аясында жүзеге асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар