+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Нұра ауданына жаңа әкім тағайындалды

2019 жылғы 16 қыркүйек 19:26
Бөлісіңіз:
Нұра ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Нұра ауданының әкімі болып 47 жасар Аян Шалмағанбетов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы тағайындалды «Ғылым қоры» АҚ төрағасының жаңа  орынбасары тағайындалды Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі қызметіне тағайындалды

Аян Шалмағанбетовтің кандидатурасын аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында аймақ басшысы Ерлан Қошанов ұсынды және депутаттар өз келісімін берді.
Бұрынғы әкім Есет Байкен басқа мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты аудан басшысының орны бос болды. Ол қазір Нұр-Сұлтан әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істейді. Облыс әкімі оған табыс және тұрғындардың игілігі үшін жемісті еңбек етуді тіледі. Аян Шалмағанбетов өңір басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына сенім білдіргені үшін алғысын білдірді. «Мемлекеттік қызметте, оның ішінде мемлекеттік органдардағы үлкен тәжірибесі жаңа әкімге ауданда жұмысты оңтайлы ұйымдастыруға және қойылған міндеттерді орындауға көмектеседі», - деп атап өтті Ерлан Қошанов. Аян Шалмағанбетов 1972 жылы 14 ақпанда Нұра ауданы Киевка кентінде дүниеге келген. «Экономист-менеджер», «құқықтану бакалавры» біліктілігі бойынша екі жоғары білімі бар. Ақмола аграрлық университеті мен Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді бітірген. Еңбек жолын құрылыста жұмысшы болып бастаған. «Қазақстан темір жолы» РМК-да жұмыс істеді, онда жетекші маманнан басқарма бастығының орынбасарына дейінгі еңбек жолын жүріп өтті. Коммерциялық құрылымдарда жұмыс тәжірибесі бар. Мемлекеттік қызметте 2012 жылдан бастап. Орталық атқарушы органдарда басшылық қызметтерде: ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді. Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін облыстық жер қатынастары басқармасын басқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT