Нұр-Сұлтанның жылу желілеріне 8 млрд теңге инвестиция тартылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Мукин қаладағы жылу желісіне тартылған инвестиция туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инвестициялық бағдарлама сорғы станцияларының, жылу желілері мен басқа да негізгі құралдардың негізгі және қосалқы жабдықтарының ағымдағы техникалық жағдайын, экономикалық және техникалық жобалардың басымдықтарын, соның ішінде тартылған активтерді пайдалану коэффициентін арттыруға, жылу энергиясының ысыраптарын азайтуға, арттыруға бағытталған шараларды ескере отырып жасалды. 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру көзі тасымалдау және технология бойынша тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдар болып саналады. Инвестициялық бағдарлама 2021-2025 жылдарға қойылған міндеттерді орындауға арналған, жалпы инвестиция көлемі 9 млрд теңгеге жуық», - дейді Қанат Мукин.

Оның айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылумен жабдықтау нысандарын салу үшін Компания «Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесімен көлемі 53 млрд. теңге болатын несиелік ставкасы бойынша жылдық 2,2% -бен төрт несиелік келісімшарт жасады. Компанияға негізгі қарызды төлеуге алты жыл жеңілдік кезеңі берілді.

Төлем бойынша міндеттемелер 2021 жылдан бастап іске асады. 2021 жылы төлемдер 1,5 миллиард теңгені, 2022 жылы 3 миллиард теңгені, 2024 жылы 3 миллиард 230 миллион теңгені, 2025 жылы - 3,5 миллиард теңгені құрайды.

«Астана-Теплотранзит» АҚ инвестициялық бағдарламасы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті мен «Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетикалық кешені мен коммуналдық шаруашылықты басқару» мемлекеттік мекемесінің бірлескен бұйрығымен жалпы сомасы 8,8 млрд. теңге болатын инвестиция бекітті, бұл жобада айтылған сомадан 235 млн теңгеге аз», - дейді ол.

Инвестицияның 90%-ы жылу желілерін қайта құруға бағытталған.


Соңғы жаңалықтар