Нұр-Сұлтанның су айдындарында демалыс және мереке күндері қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық құтқарушылар демалыс және мереке күндері қаланың су айдындарында күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Есен Байыров әкімдіктің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде айтты.

«Жыл сайын елорданың жағалауларында демалушылардың саны артып келеді. Осыған байланысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті адамдардың суға батуына және шомылу кезінде жарақаттануына жол бермеу үшін барлық қажетті іс-шаралар жүргізіп отыр. Қазіргі таңда департаменттің иелігінде 29 құтқарушы, сүңгу жарақтарымен жабдықталған екі сүңгуір техника, алты жүзу құралы, басқа да құтқару жабдықтары пайдалануға дайын тұр», - деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, шомылу маусымында қаладағы су айдындарында күн сайын 80-нен астам адам қауіпсіздік шарасын қадағаламақ.

«Рейдтер жүргізіледі. Мереке және демалыс күндері қызметкерлер саны көбейтіліп отырады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына шомылу қауіпсіздігінің ережелерін үгіт-наисхат парақтарын тарату арқылы түсіндіреміз. 19 әкімшілік хаттама жасалды. Әкімдікпен бірлесіп 140 тыйым салу белгісі орнатылды, 20 ақпараттық стенд орнатылды», - деді Есен Байыров.


Соңғы жаңалықтар