Нұр-Сұлтанның мониторингтік топтары карантин талабын бұзған 9 мекемені анықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың мониторингтік топтары бірнеше ай бойы тәулік бойы жұмыс істеп, қаланың кәсіпкерлік нысандарында карантин талаптарының сақталуын тексерді. Өткен тәулікте 9 мекемеде шектеу шараларының сақталмағаны тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кеше, 16 қыркүйекте мониторингтік топтар қаланың 9 кәсіпкерлік объектісінде бұзушылықтарды анықтады.

Сарыарқа ауданындағы «Good Game» ойын клубы карантин талаптарын елемеген. Байқоңыр ауданында орналасқан «Панаехали» барында да шектеу шаралары сақталмады. Алматы ауданында «F16-ZEINE» кафесі жұмыс режимін бұза отырып жұмыс істеді.
Есіл ауданында карантин бұзушылар тізіміне 6 қоғамдық тамақтану орындары кірді: «Khan El Khalili» кафесі, «INCOGNITO» караоке-бары, «LOTO CLUB» клубы, «Tequila» бары, «Bariton» бары және «Панаехали»кафесі.

Тәртіп бұзушыларға қатысты барлық жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Айта кету керек, COVID-19-бен ауырғандар санының төмендеуіне қарамастан, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл» аймақта қалып отыр. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтары бетперде кию режимін, әлеуметтік қашықтықты, қол гигиенасын қатаң сақтауы тиіс. Азаматтар өздерінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтау үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі керек, өйткені вакцинамен иммундау қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып табылады.


Соңғы жаңалықтар