Нұр-Сұлтанның қақ ортасынан қазақ ауылы бой көтереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Елордада алғаш рет «Nur-Sultan Ethno Fest» ірі этномәдени мерекесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасынан хабарланғандай, 31 мамыр мен 2 маусым аралығында «Хан-Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының алаңында киіз үйлер тігіліп, қазанаттар мен қыран құстар көрмесі өтеді. Сондай-ақ, келушілер қыш-құмыраны илеп жасау әдісімен танысып, ортағасырлық стильдегі этнобазарды аралайды.

Ал этноауыл аумағында орналасқан киіз үйлердің жанынан ұлттық кәдесыйлар сататын жәрмеңке болады. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшкүндік фестиваль аясында ақындар айтысы, мерекелік концерт сияқты шараларды тамашалап, найза лақтыру, қол күресі, мас-рестлинг, садақ ату және серке көтеру жарыстарында күш сынасады. Жеңімпаздар ұйымдастырушылардың атынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.null

«Nur-Sultan Ethno Fest» шарасының ерекшелігі - жиналған қауым қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен етене таныса алады. Өкінішке қарай, уақыт өте келе олар ұмытылып жатыр. Мысалы, қамшыгерлік, қолқа салу, тығырыққа тіреу, арқан өру, қамшы өру мен шаңырақ көтеру секілді ұлтық ерекшеліктерімізді жаңғыртсақ дейміз. Фестиваль шеңберінде өтетін басты шара ат үстінде отырып садақ атудан «Алтын жебе» бірінші Әлем чемпионаты болмақ. Жарысқа әлемнің 20 мемлекетінің мергендері қатысады», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.null

«Алтын жебе» алғашқы Әлем чемпионатына қатысатындарын Орталық Азия елдерінен өзге Малайзия, Оңтүстік Корея, Иордания, Румыния, Финляндия, Польша, Мажарстан және тағы басқа елдердің өкілдері растады.

Сонымен қатар, 1 маусым - Балаларды қорғау күні қарсаңында «Nur-Sultan Ethno Fest» аумағында балаларға арналған аттракциондар жұмысын бастайды. Фестивальдің кішкентай қонақтары елордалық Қуыршақ театрының үздік қойылымдарын тегін тамашалап, атқа мініп, асық ату, ләңгі тебу ойындарына қатысады. Сондай-ақ отбасылық эстафеталар ұйымдастырылады.

Фестивальдің ресми ашылуы 31 мамырда сағат 19.00-де өтеді. Этноауыл сағат 10:00-22:00 аралығында ашық болады. Шараны Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Қазақстанның этноспорт қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастыруда.

null

Соңғы жаңалықтар