Нұр-Сұлтанның айналасына блокпостар қойылмайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанның айналасына блокпостар қойылмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы кеше 10 желтоқсандағы Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасын жариялап, Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа өткені белгілі болған еді.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева бүгін Нұр-Сұлтанның айналасына блок-посттар қойылмайтынын мәлім етті.

Айта кетерлігі, Жанна Пралиева халыққа сақ болуды ескертеді.

Елорда 10 желтоқсан күні «қызыл» аймаққа енгендіктен, қала ішінде ауру жұқтыру ықтималдығы арта түскен. Инфекциялық ауруханалар науқасқа толып кетпесе де, жаздағы ахуал бұл қауіптің кенет келуі мүмкін екенін көрсетіп берді. Міне, сол себепті қаланың бас санитары мереке күндері шаһар тұрғындарын сақ болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар