+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтаннан сыртқа шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды

2020 жылғы 28 қаңтар 13:55
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтаннан сыртқа шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қорғалжын, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды мен Рождественский бағытындағы барлық жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елордалық полиция қызметі күшейтілген режімінде жұмыстың қызмет атқарып келеді. Қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек көрсету үшін жеке құрам толығымен қызметке кіріскен. Бұдан бұрын хабарланғандай, қолға алынған шаралардың арқасында екі күннің ішінде 64 адам құтқарылған. Оның үшеуі - босанған әйелдер. Түні бойы құқық қорғаушылар жолда қар құрсауында қалған көліктерді шығарумен болды.

Мәселен, солтүстік айналма жолда Петропавлға бара жатқан жолаушылар автобусы қарға батып қалған. Онда Ресейге жол жүріп бара жатқан 53 жолаушы – Өзбекстан Республикасының азаматтары болған. Полиция автопатрулінің көмегімен батып қалған автобус қардан шығарылып, жолаушылар қонақ үйге орналастырылды.

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасуда. Полиция қызметкерлері тұрғындарды жолға шығу жоспарын кейінге қалдырып, жолдың ашық немесе жабық екенін алдын ала қадағалап отыруға шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT