Нұр-Сұлтаннан пойызға мінген мас жолаушы рейстен түсірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Нұр-Сұлтан – Орал» бағытындағы пойызда мас жолаушы рейстен түсіріліп, айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, «Нұр-Сұлтан – Орал» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығы Көкшетау стансасындағы Желілік полиция бөліміне вагондардың біріндегі мас жолаушы туралы хабарлаған. Тексеру барысында түнгі уақытта масаң күйде ескертулерге қарамастан, былапыт сөздер айтып, жолаушылардың тыныштығына кедергі келтірген Шығыс Қазақстан облысының 35 жастағы тұрғыны анықталған.

«Пойыз бастығы жолаушының теріс әрекеті туралы акт жасап, соған байланысты оны одан әрі тасымалдаудан бас тартылды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер азамат «орташа» дәрежедегі алкогольді масаң күйде болған. Көкшетау стансасының ЖПб қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты ҚР әкімшілік заңнамасының үш бабы бойынша, яғни, ҚР ӘҚБК 434-бабы 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық», ҚР ӘҚБК 440-бабы 1-бөлігі «Қоғамдық орынға мас күйінде келу», ҚР ӘҚБК 437-бабы 1-бөлігі «Тыныштықты бұзу» бойынша әкімшілік іс қозғап, 13 255 теңге көлеміндегі айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды», - деп атап өтеді департаменттен.

Айта кетерлігі, осы жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 2 248 азаматты жауапкершілікке тартты. Оның ішінде алкогольді ішімдік ішкен немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келген 251 адам бар.


Соңғы жаңалықтар