Нұр-Сұлтанға республикалық бюджеттен 78 млрд теңге бөлінеді
2022 жылғы 18 мамыр 23:10

Нұр-Сұлтанға республикалық бюджеттен 78 млрд теңге бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда Қоғамдық кеңес отырысында 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бюджетті нақтылау кірістер бойынша түсімдер жоспарының 62,3 млрд теңгеге ұлғаюын, сондай-ақ республикалық бюджет параметрлерінің өзгеруін ескере отырып жүргізіледі.

«Қосымша кірістердің негізгі көздері – 51 млрд теңге сомасындағы салық түсімдері болып отыр, оның ішінде КТС бойынша біржолғы түсімдер есебінен 31 млрд теңгеге, ЖТС бойынша 6 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылады. Еңбекақы төлеу қорынан салықтар жинауының тұрақты өсу серпіні ЖТС бойынша түсімдерді 23%-ға, әлеуметтік салық бойынша түсімдерді 21%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Тиісінше, жоспар 8 және 6 млрд теңгеге артылған, айыппұл бойынша нақты бір реттік түсімдер 2 млрд теңгені, пәтер сату – 5 млрд теңгені, өзге түсімдер 4,3 млрд теңгені құрады», - деді қалалық Стратегия және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Айжан Түгелбаева.

Оның айтуынша, республикалық бюджеттен қалаға алдын ала 78,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыруға 72,2 млрд теңге, басқа шығыстарға 6 млрд теңге бағыттау жоспарлануда.

Қаражатты әлеуметтік саланы, білім беруді қолдауға, жолдарды жөндеуге, нөсер кәрізінің жұмыс істеуіне, қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға, тұрғын үй кешендерін салуға, бұқаралық спортты дамытуға, мәдениет саласында іс-шаралар өткізуге жұмсау жоспарлануда.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT