+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанға ПТР-тестсіз ұшып келген тағы 122 жолаушы карантинге жатқызылды

2020 жылғы 8 қазан 10:08
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанға ПТР-тестсіз ұшып келген тағы 122 жолаушы карантинге жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Turkish Airlines, Air Astana мен Flydubai әуе компанияларының ұшақтары келіп қонды. Осы ұшақтардың борттарында 828 жолаушы мен экипаждардың 36 мүшесі болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі елорда әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстан Сенаты міндетті вакциналау туралы заң жобасын мақұлдады Атырауда жалған вакцина паспортын жасаған медбике ұсталды Ақмола облысындағы нысандар қалай жұмыс істейді – Жаңа Қаулы

Аталған жолаушылардың ішінде 122 адамда ПТР-тест анықтамасы болмаған. Сол себепті олардың бәрі де карантиндік стационарға жатқызылды. Жолаушылардың ішінен дене қызуы бар адам анықталған жоқ.

ПТР-тесттен өткеннен кейін жолаушылар үйлеріне жіберіледі. Ал егер олардың коронавирус жұқтырғаны белгілі болса инфекциялық стационарға барады.

7 қазанның кешінен 8 қазанның таңына дейін Дубай, Анталия, Ыстанбұл, Мәскеу, Франкфурт пен Екатеринбургтан жеті рейс келген.

Еске сала кетсек, 6 қазан сағат 00.00-ден бастап ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясовтың мемлекеттік шекаралардағы өткізу бекетінде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған жаңа қаулысы күшіне енген болатын.

Айта кетерлігі, бұған дейін Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов коронавирус инфекциясы бойынша жаңа талаптар енгізілгеннен кейін алғашқы халықаралық әуе рейстерінің келуіне қатысты пікір білдірген еді.

«Осы жылдың 6 қазанының түнінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы Түркиядан 4 әуе рейсін күтіп алды. Барлығы 478 жолаушы келді. Олардың 170-і COVID-19 бойынша ПТР-анықтамасы болмағандықтан карантиндік стационарға жатқызылды. Олар сол жерде ПТР-анализден өтеді», - деді көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT