Нұр-Сұлтанды қар басты: Автобустар аялдамаларға жете алмауда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер қардың мол жаууына байланысты аялдамаларға өте алмауда. Осыған байланысты бірқатар автобустың кейбір бағыттарға қатынамайтыны хабарланды.

«Астана LRT» ЖШС мәліметіне сәйкес, жолдарды қар басып қалуына байланысты қалалық автобустар келесі аялдамаларға уақытша тоқтамайды:

№40 бағыт Е-22 көшесіндегі «Отбасы» тұрғын үй кешені аялдамасына бармайды.

№105 бағыт «Нұрлы жол» теміржол стансасына бармайды.

№20 бағыт «№ 74 мектеп-гимназиясы» аялдамасына және «Сарайшық» тұрғын үй кешенінің соңғы аялдамасына бармайды.

№3 бағыт Петров көшесімен, Күйші Дина көшесімен айналып жүрмейді.

№47 бағыт 88 мектеп-лицей аялдамасына бармайды, Family village тұрғын үй кешеніне барады.

№9, 29, 80 бағыттары Интерноциональный ауылына бармайды.

№22 бағыт «Тубдиспансер» аялдамасында бармайды.

№18 бағыт «Космический центр» және «Аурика» аялдамасына бармайды.

№ 81, 102 бағыттары мамандандырылған ХҚКО-ға бармайды.

№102 бағыт Family Village тұрғын үй кешеніне бармайды.

№53 бағыт «Клиникалық-оңалту кешені» соңғы аялдамасына бармайды.

№35 бағыт ескі Ильинкаға бармайды.

№13 бағыт Дегелеңнің соңғы аялдамасына бармайды.

№2 бағыт Шарбақты көшесіне барай, Шалкөде көшесімен жүреді.

№24 бағыт Сусамыр көшесіне бармайды.

№39 бағыт Алай сауда үйіне бармайды, жолды қар басып қалған.

№22а бағыт Тубдиспансерге бармайды.

№70 бағыт «Комфорт таун» тұрғын үй кешені аялдамасына бармайды.

«Астана LRT» сондай-ақ осы уақытта қаламаңына қатынайтын барлық бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылғанын мәлім етті.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні қала сыртына 2 290 рейс жасалып, 27 485 текше метр қар шығарылды. Қазір қар тазалау жұмыстарымен 1 127 техника және 1 700 жұмысшысы айналысуда. Қыс басталғалы барлығы 2 191 788 текше метр (182 649 рейс) қар шығарылды.

Еске салайық, бүгін елордада бірінші және екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін сабақ тоқтатылды.

Полиция департаменті жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды.







Соңғы жаңалықтар