Нұр-Сұлтанды газбен қамту жұмыстары қалай жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Instagram парақшасында қаланы газдандыру жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қаланы газдандыру 3 кезеңнен тұрады. Қазір Көктал-2 елді мекені тұрғындарының үйлерін көгілдір отынға қосу және жұмыстарды қабылдау жүріп жатыр. Бұған дейін осы елді-мекенде ішкі желілерге газ берілді. Сонымен бірге, газ Железнодорожный елді мекеніне де беріліп, қараша айында орталықтандырылған газбен жабдықталды. Жалпы, қала ішіне 300 шақырымнан астам газ құбырлары тартылды», - дейді әкім.
Оның айтуынша, 800 үй техникалық шарттарға сәйкестік құжатына қол жеткізіп, 5 мыңнан астам адам фронт-офистерде кеңес алды. Тұрғындарға ақысыз берілетін есептегіштер қарастырылған.
«Елорданы газдандыру - Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи жобасы. Қаланы газдандыру процесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Елорданы газдандыру зиянды қалдықтарды төмендетуге мүмкіндік береді. Қаланың экологиясы жақсарады, ал бұл - тұрғындардың денсаулығына жағымды әсер етеді», - деп жазды Алтай Көлгінов.
- Қазақстанда мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады
- Биыл мұнай және газ-химия өнімдері өндірісінің көлемі қандай болмақ
- Қалалар мен облыстардағы 47 мың шақырым газ тарату желілері цифрландырылады
- Биыл елімізде халықты газдандыру деңгейі 54 пайызға жуықтайды
-
2021 жылы елімізде өндірілетін газ көлемі белгілі болды
-
Хоккей: «Барыс Аренаға» жанкүйерлер қайта кіретін болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам