Нұр-Сұлтандағы жаңажылдық шырша ТМД-дағы ең биік 5 шыршаның қатарына кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТурСтат ТМД елдері астаналарындағы ең биік шыршалардың рейтингісін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Порталдың хабарлауынша, Беларусь, Өзбекстан және Түркіменстан елдерінің астанасына ең биік жаңажылдық шырша орнатылған.

2021 жылы жаңажылдық шыршаның биіктігі бойынша алғашқы бестікке ТМД елдерінің астаналарынан Ашхабад (41 метр), Ташкент (36 метр), Минск (30 метр), Нұр-Сұлтан (25 метр) және Бішкек (25 метр) кірген.

Ресей Мәскеудегі Кремль алаңына 25 метрлік тірі шырша орнатқан.

Ресейдегі көптеген қала биыл жасанды шырша орнатқан, оның ішінде ең биігі Красноярдағы 55 метрлік шырша.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстандағы қалаларда қандай шыршалар тұрғаны туралы жазған болатынбыз.

Елордада 22 желтоқсанда еліміздің бас шыршасының шамдары жарқырады. Одан кейін бұл үрдіс өзге өңірлерде де жалғасын тапты. Кей өңірде салтанатты шара онлайн режимде өтсе, кей өңірде шырша маңында санаулы ата-ана мен бала ғана болған еді.


Соңғы жаңалықтар