Нұр-Сұлтандағы жаңа госпитальдің құрылысы аяқталуға жақын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жұқпалы ауруларға арналған жаңа госпиталь құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат құрылыс компаниясына сілтеме жасап.

Ең басты нәтиже - соңғы модульдің орнатылуы болды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 200 орындық жаңа аурухана құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Енді ішкі байланыс сымдары, кәріз жүйесі мен су құбырлары қойылып жатыр.

Ғимараттың өзі ModeX зауытында неміс технологиясымен алдын ала әзірленген блоктардан құрылған. Одан бөлек, аурухана палаталарында арнайы госпитальдік желдеткіш болады, бұл қызметкерлерге инфекция жұқтыру қаупін азайтатын көрінеді.


Одан бөлек, ауруханада арнайы ауа сүзетін жүйе орнатылған. Есік пен терезеден ауа өтпейді. Әр палатаның өз дәретханасы болады.

Өткен аптада құрылысшылар БАҚ өкілдерін шақырып, құрылыс барысын көрсеткен еді. Жоба директоры Арман Лесбековтің айтуынша, құрылыста Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлық талабы ескерілген.


Еске сала кетсек, 3 сәуірде ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның үш ірі қаласында жұқпалы аурулар ауруханаларын салуды ұйғарды. Оның құрылысына тез тұрғызылатын құрылымдар қолданылмақ. Өзге елдердегі тез салынатын ауруханалармен салыстырғанда, Қазақстандағы ғимараттар ұзақ жылға пайдалануға берілмек .




Соңғы жаңалықтар