Нұр-Сұлтандағы «Жағалау» мөлтек ауданының тұрғын үйлеріне су беріле бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың ауыз сусыз қалған тұрғын үйлерінің су жүйесі қайта қалпына келтіріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 қараша күні 22:10-дегі жағдай бойынша, «Жағалау» мөлтек ауданындағы «Зеленый квартал» тұрғын үйінен кешенінен басқа үйлердің су беру жүйесі қалпына келтірілді. Аталған тұрғын үй кешені бойынша жұмыс жүріп жатыр. Сондай-ақ, 3 ту тасымалдаушы көлік тұрғындарға ауыз су тасымалдауда. Е көшесі 10, 2 үй, 2а, 4; Е-16, 2 үй, 2/1, 4, 4/1, 4/2, 6, 6/1, 6/2; Е-30, 5, 7 үй; Айтматов көшесі 36, 36/1, 36/2, 36/4, 36/5; 31, 31а, 31б және Омаров көшесіндегі 15, 17, 23, 27 үйлерге су берілді», - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Бұған дейін тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін 70 мың литр су жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар