Нұр-Сұлтандағы спорт кешендерінің бірінен қалта ұрысы ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық полиция қызметкерлері жедел-іздеу шаралары кезінде 28 жастағы елорда тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдіктінің өзі жаттығатын спорт кешендерінің бірінде, киім ілетін орыннан күртешенің қалтасында тұрған «iPhone» маркалы ұялы телефонын қолды қылғаны анықталды. Ұрланған заттың сомасы 200 мың теңгені құрайды.

Қылмыстық іске қатысты ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Оның елорда аумағындағы осы секілді өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды аса мұқият болып, құнды заттарды қараусыз қалдырмауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар