Нұр-Сұлтандағы шағын аудандарға газ тарату желілері салынуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан шағын аудандарға газ тарату желілері салынып жатыр. Магистральдық газ құбырының монтажы аяқталу сатысында, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов желілерді жүргізу барысын тексерді.

«Газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес салынып жатыр. Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырды», - деп хабарланды әкімдіктің Instagram парақшасында .

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс қарқынын төмендетпеу қажеттігін атап өтті. Железодорожный елдімекенінде газ тарату желілерінің үштен бірі салынды. Сонымен бірге бұл жұмыстар Көктал-1, Көктал-2 және Агрогородок елдімекендерінде жүргізіліп жатыр.

2020-2023 жылдары қаланың өнеркәсіптік секторы мен елдімекендерді газдандыру 3 кезеңде өтеді: келесі жылыту маусымында Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный елдімекендері газбен қамтылады. Екінші кезеңде Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ІКҚ), Тельман (3 ІКҚ), Пригородный, Garden Village және Family Village (4 ІКҚ) елдімекендері қамтылады. Үшінші кезеңде Ильинка (1-2-ші ІКҚ), Шұбар (3-ші ІКҚ), Өндіріс (4-ші ІКҚ) елдімекендері газдандырылады.

Газ өткізу қаладағы зиянды қалдықтардың 6 есеге, қатты заттардың – 40 мың тоннаға дейін азаюына мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар