Нұр-Сұлтандағы карантин: қызметкерлердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуі тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел астанасында карантиндік шектеулерге байланысты қызметкерлердің жартысы қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы шектеу және карантиндік шаралары туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.Бейсенованың қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Енді барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 50% қашықтықтан жұмыс істеуі тиіс. Ал фудкорттардың жұмысы штаттық режимде тек тамақты жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі», - делінген Қаулыда.


Соңғы жаңалықтар