Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.54 eur/kzt 476.11

    rub/kzt 7.95 cny/kzt 68.05
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +12+14℃
  Jańalyqtar  >

Нұр-Сұлтандағы дүкеннен қымбат құлаққап ұрлаған жігіттің әрекеті камераға түсіп қалды

2022 жылғы 13 тамыз 17:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтандағы дүкеннен қымбат құлаққап ұрлаған жігіттің әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы» ауданының полиция қызметкерлері жедел- іздестіру шараларын жүргізу кезінде елорданың 22 жастағы тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында анықталғанындай, жас жігіт кешке Абылайхан даңғылындағы техника дүкенінде болып, сөреден құны шамамен 45 000 теңге тұратын «JBL» маркалы сымсыз құлаққапты ұрлап кеткен. Күдікті адамдардың көптігін пайдаланып, құлаққапты алып, қысқа шалбарының астына жасырып, сауда залынан шығып кеткен.

Ұрының бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кейін ол құлаққапты өтіп бара жатқан адамға төмен бағамен сатқан. Қазіргі уақытта оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы дәлелденді. Ұрлықтың барлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті сауда орынарының иелеріне қырағы болуға және дүкендерде ұрлықтан қорғау шараларының бәрін қолдануға кеңес береді»,-делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары