Нұр-Сұлтандағы апатты жағдайға байланысты құрылған комиссияның алғашқы отырысы өтті
2019 жылғы 11 қараша 16:22
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр елордада электр энергиясының ажыратылу себептерін анықтау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Нұр-Сұлтанның сол жағалауында электр энергиясының өшіп қалу себептерін анықтау және осы проблеманы шешу үшін алдын-ала шаралар қолдану мақсатында құрылған арнайы комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Отырыс аясында Энергетика министрлігіне жарықтың ағытылу себептерін анықтау үшін шұғыл түрде сараптама жүргізу тапсырылды, алдағы уақытта осындай жағдайлар қайталанбауы үшін тиісті тексеріс жүргізу қажеттігі аталып өтті.
Комиссия жұмысы оперативті режимде жалғасуда.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырған еді.
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Шымкенттің сот қызметкерлері қылмыстық іс жүргізу тәртібін талқылады
- Шымкентте Жолдау міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды
- ҚР Президентінің кеңесшісі Алматы атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді
- Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен қазақпын» челленджін қолдады
-
Қызылордада күн электр станциясы іске қосылды
-
Әлихан Смайылов семейліктерге пәтер кілтерін табыс етті
Загрузка...
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER