Нұр-Сұлтанда зират маңынан 28 жылқының өлексесі табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа зираттан 28 жылқының өлексесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 қыркүйек күні шамамен 10:15-те полицияға «Нұр-Сұлтан - Көкшетау» айналма жолынан 200 метр жерде 28 өлген малдың жатқанын куәгер хабарлаған. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қырылған малдың иесін іздеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалған», - деп хабарлады астаналық полиция департаменті.

Полицейлер өлексенің жүк көлігінен түсірілгенін анықтады. Олардың болжамынша, мал ауа жетпей қырылуы мүмкін. Улану нұсқасы қарастырылмайды.

«Жұқпалы ауруларға тексеру мақсатында өлген жылқылардан сынама алынып, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Республикалық ветеринариялық зертхананың Ақмола облыстық филиалына жіберілді. Мал өлекселері «Камаз» автокөлігімен «Экополигон» қоқыс жинау алаңына жеткізіліп, мобильдік инсинератор пешінде өртелді», - делінген Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар