Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы қашан басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінде елордада бекітілген кесте бойынша жылыту маусымына дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, елордада жылыту маусымы далада орташа ауа температурасы бес тәулік бойы +10 °С және одан төмен болған жағдайда басталады.

«ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына, сондай-ақ елордалық мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы шешімі брйынша жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, бес тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа температурасы +10 °С және одан төмен болған кезде, жергілікті атқарушы орган жылыту маусымының басталуы туралы шешімі қабылдайды», - деді әкімдіктен.

Бұған дейін хабарланғандай, елордада энергия кешендерін, ТКШ, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын дайындау бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде.

Көппәтерлі тұрғын үй қорының дайындығы 90% жоғары. Сонымен қатар, қалада күн сайын 20 мың тонна көлемінде қатты отын қоры қамтамасыз етіледі.


Соңғы жаңалықтар