Нұр-Сұлтанда жүрегі алмастырылғандардың веложарысы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада «Сау жүрек айы» акциясы аясында велошеру өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Оны «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ базасында құрылған «Жүрек орталығы» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

Жарысқа 400-ге тарта адам қатысты. Олардың арасында медицина саласының қызметкерлері, салауатты өмір салтын ұстанатындар, елордалық белсенді тұрғындар, сондай-ақ жүрегі алмастырылған адамдар да болды. Олардың жүрегіне күрделі ота жасалғанына қарамастан басқалармен бірдей жарысқа түскені – Қазақстан медицинасының жетістіктерінің айғағы.

Жарыс алдында MOLDANAZAR тобы велошабандоздарды әсем әнімен жігерлендіріп алды. Ашық аспан астындағы концертінен кейін музыканттар да қатарға қосылды. Жарыс соңында ұтыс ойыны өткізілді.

Жиналған қаражат кардиохирургия саласындағы білім және ғылымды дамытуға бағытталады.

Соңғы жаңалықтар