Нұр-Сұлтанда ЖРВИ белгісі бар науқастар бөлек емделеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда №10 қалалық емханада ЖРВИ белгісі бар науқастарды бөлек емдейтін фильтр-кабинет ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№10 емхана шамамен 86 мың адамға қызмет көрсетеді. Түрлі науқастарды араластырмау үшін әр амбулаториялық ұйымда фильтрлер орнатылған. Фильтрде қандай көмек көрсетіледі және науқастар қалай іріктеледі? Біздің емханада балалар мен ересектер үшін тепловизорлармен жабдықталған жеке кіреберістер бар. Барлық келушілердің дене қызуы тексеріледі. Егер біздің құрылғылар жоғары температураны анықтаса, келуші дереу фильтр-кабинетке жіберіледі. Сонымен бірге, фильтрде үш бағыт бойынша сұрыптау жүреді», - деп түсіндірді емхана директоры Гүлнар Алпысбекова.


Әзірге емханада балаларға, ересектерге және жүкті әйелдерге арналған үш фильтр-кабинет жұмыс істейді. ПТР зерттеулер үшін биоматериал алуға арналған тағы бір кабинет бар. Науқастар саны көбейсе, тағы екі фильтр-кабинет ашу мүмкіндігі бар.

Сонымен бірге, қаланың әрбір амбулаториялық-емханалық ұйымында мобильді бригадалар жұмыс істейді.

«Олар науқастарды бақылау үшін қажет. Біздегі нормативке сәйкес, бес мың халыққа бір мобильді бригада болуы тиіс. Біздің халыққа 17 мобильді бригада құрылды. Оған қоса, бізде оттегі концентраторлары бар және қосымша пульсоксиметрлер сатып алынды. Емхана деңгейінде науқастарға қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз етеміз. Яғни, ауырып қалған тұрғындар ауруханаға жатпаса да, дәрі-дәрмекпен қамтылады. Қазір күніне 40-қа жуық адам емханаға келеді. Фильтрге 20 ересек және 18-20 бала түседі. Қазіргі эпидемиологиялық маусымды ескерсек, бұл тұрақты жағдай», - дейді Г.Алпысбекова.


Соңғы жаңалықтар