Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 09:17-де Нұр-Сұлтан қаласы «101» пультіне Б.Момышұлы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабар түсті.

09:21-де алғашқы өрт сөндірушілер жеткен кезде автобустың қозғалтқышы мен артқы бөлігі жанып жатқан. Салонда жолаушылар болмаған. Өрт 09:31-де сөндірілді. Оны сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен 2 техника тартылды.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыдағы әл-Фараби даңғылында да №32 бағыттағы автобус жанып кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар