Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты 2 көше жартылай жабылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Автомобиль қозғалысы Қабанбай батыр даңғылы мен Ш.Қосшығұлұлы көшесі бойынша жолдардың орташа жөнделуіне байланысты ішінара жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қабанбай батыр даңғылы мен Ш.Қосшығұлұлы көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды», - делінген ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты, 25 сәуір - 5 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылы және 23 сәуір - 25 мамыр аралығында Ш.Қосшығұлұлы көшесі бойында көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Атап айтқанда, Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейінгі және Қ. Күмісбеков көшесінен Ш.Бейсекова көшесіне дейінгі учаскелер жабық болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Басқармада келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және қала тұрғындарын жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар