Нұр-Сұлтанда жеткіншекті соққыға жыққан ер адам қылмыстық жауапқа тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда жеткіншекті соққыға жыққан ер адамды қылмыстық жауапқа тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 28 мамырында сағат 21:35 кезінде «102» нөміріне Бараев көшесінің бойындағы үйлердің бірінің ауласында бейтаныс ер адам жасөспірімді соққыға жыққаны туралы хабар түскен.

Осы оқиға бойынша полицияға 36 жастағы қала тұрғыны жеткізілді. Оның айтуынша, сол күні бетін қан басқан 10 жастағы қызы үйіне келіп, аулада 13 жастағы баланың оның бетінен доппен тепкенін айтып шағымданған.

Бұны естіген қыздың әкесі аулаға шығып, қызына тиіскен жеткіншекті ұрып жіберген. Жеткіншек ауруханаға жатқызылған.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ересектер тарапынан мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді. Қолданыстағы заңға сәйкес, балалардың құқықтарын бұзу және олардың денсаулығына зиын келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған»,-делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар