Нұр-Сұлтанда жеке кәсіпкер түрмеге 8 телефон алып кірмек болды
2022 жылғы 1 шілде 19:52

Нұр-Сұлтанда жеке кәсіпкер түрмеге 8 телефон алып кірмек болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеке кәсіпкер Нұр-Сұлтан колониясына 8 телефон алып кірмек болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/5 мекемесіне жеке кәсіпкер тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысты.

Яғни, ол мекемеге құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін алып келген бөшкенің ішіне 8 телефон, телефон қуаттағыш, sim-карталар, құлаққап және басқа заттарды жасырып, сотталған адамға кіргізбек болған.

– Бүгін біз мекемеде жазасын өтеушілердің қолына тыйым салынған заттардың түсуін алдын алып қана қоймай, жаңа қылмыстарды да болдырмаймыз. Мысалға, мекемеде жазасын өтеушілер ұялы телефон арқылы алдау, бопсалау деген сияқты көптеген қылмыс жасауы мүмкін, – деді департамент бастығы Д. Рақымбеков.

Аталған жайыт бойынша Аршалы кентінің полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Қазіргі таңда аталған тыйым салынған заттар қай сотталғанға әкелінгенін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Анықталған жағдайда, ол азаматтар Қазақстан заңнамасына сәйкес тәртіптік жазаға тартылады.


Фото: polisia.kz

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT