Нұр-Сұлтанда жазғы лагерьлердің жәрмеңкесі өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мектеп оқушыларының үш айлық демалыстары қарсаңында елордада «Жазғы лагерьлер жәрмеңкесі-2019» өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі сайтындағы ақпаратқа сәйкес, жәрмеңке жексенбі, 28 сәуір күні М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы маңындағы «Арбат» желекжолында өтеді.

Ата-аналар Ақмола облысындағы «DISCOVERY», «Миротворец», «Жұлдыз», «Чайка», «Сокол», «Лесная сказка» және «Балдәурен» балалар сауықтыру лагерлерінің, «Парус», «Самұрық», «Сұңқар» және «Звездный» балалар сауықтыру орталықтарының, «ARMAN» балалар және жасөспірімдер туризмі орталығының, «Nomads Camp» халықаралық киіз үй лагерінің, М. Ғабдуллин атындағы демалыс кешенінің, «Тұлпар» этникалық киіз үй лагерінің, «Батыр» шатырлы лагерінің қызметімен таныса алады.

«Әрбір ата-ана өз талғамына сай жазғы лагерьді өз бетінше таңдап, бағдарламалармен, тұру және тамақтану, тасымалдау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайларымен таныса алады», - делінген хабарламада.

Жәрмеңке сағат 10:00-19:00 аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар