+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

2021 жылғы 15 мамыр 00:50
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жастардың баспана мәселесі қандай жолмен шешіліп жатқанын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Елорданың екі тұрғыны 14 млн теңгеге дизель отынын заңсыз сатқан Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі іс-шаралар қабылданады Елордада коронавирустың үнді штаммы анықталды

«Қаланы дамытудың және өмір сүруге қолайлы жағдай жасаудың негізгі мәселелерін талқыладық. Қысқаша екі бағытқа тоқталғым келеді: «Elorda Jastary» жастар бағдарламасы және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жағдай жасауға бағытталған.

Өткен жылы волонтерлермен, жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесулерде «Elorda Jastary» бағдарламасының тұжырымдамасын әзірледік. Онда көрсетілген негізгі бағыттар: сапалы және қолжетімді білім беру, жұмысқа орналасуға және жастар кәсіпкерлігін дамытуға көмек көрсету, кәсіптік бағдарлау, бос уақытты тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау және т. б.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Elorda Jastary» бағдарламасының негізгі бағыты – тұрғын үй мәселесі. Осы жылы елорданың жас мамандарын жеңілдікпен әлеуметтік несиелендірудің жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл бағдарламаға 36 жасқа дейінгі жастар қатыса алады (жұбайының/зайыбының жасы маңызды емес). Елордалық тіркелім кем дегенде бір жыл болуы керек және бағдарлама үміткерінің жеке баспанасы болмауы керек. Ресми жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес болуы шарт.

Осылайша аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алуға 13 млн теңгеге дейін қарыз ала алады (жылдық 5% жеңілдікпен). Сатып алынатын тұрғын үйдің құны шектеусіз.

Сонымен қатар осы жылы Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы да жалғасады. Осы бағдарлама аясында жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан астам жастар баспаналы болады.

Екінші бағыт – мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау. Қалада бірқатар әлеуметтік жобалар, соның ішінде «Кедергісіз келешек» жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба желісі бойынша 12 бейімдеу секциясы ашылды, республикалық клиникаларға квоталар бөлінді, мүгедектер арбалары және т. б. сыйға тартылды.

Сонымен қатар қалада бірқатар әлеуметтік нысандар салынуда: оңалту орталықтары, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақша, паралимпиадалық жаттығу орталығымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт кешенін саламыз.

Мысалы, өткен жылы Тұңғыш Президент қоры мен «Самұрық-Қазына» қоырының қолдауымен №1 қалалық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Сондай-ақ БЦП, аутизм, Даун синдромы және т. б. диагнозы бар балаларды оңалтумен айналысатын бірқатар оңалту орталықтары ашылды», - деп жазды елорда әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT