Нұр-Сұлтанда жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада демалыс күндері жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Демалыс күндері Есіл өзенінің Тұран даңғылы жағындағы жағалауында жасөспірім суға батып кетті. Бала достарымен бірге суға түсіп жүрген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Департамент мәліметіне қарағанда, полиция қызметкерлері қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп, суға түсетін жерлер мен коммуналдық жағажайларды шолғындау үшін арнайы мобильді топ құрған.

«Аталған топ кісі өліміне жол бермеу мақсатында су нысандарын тексереді, азаматтарға суда шомылу ережесін сақтау қажеттігін, балалар мен жасөспірімдерді ересек адамдардың қарауынсыз суға жібермеуді ескертеді. Елорда аумағында барлық патрульдік көліктер құтқару құралдарымен жабдықталған», - деді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар